Айғаным Болатқызы отбасылы болған кезде бұрынғы күйеуі қол көтергенін айтты.
«Қайта-қайта сотқа сүйреді»: танымал журналистің бұрынғы әйелі күйзеліске түскенін айтты (Видео)
Фото: видеодан кадр
623
оқылды

Тележүргізуші Асхат Садырбайдың бұрынғы әйелі Айғаным Болатқызы Анна Данченкоға сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол бұрынғы күйеуінің сұмдық әрекеттерінен күйзеліске түскенін жасырмады. Сонымен қатар осы уақытқа дейін бала үшін қайта-қайта сотқа сүйреп, шығынға батырғанын айтты. Бірақ айтуынша, соттасып жүргенмен, балаға айтарлықтай көмегі болмаған. Тіпті, алиментті алып тастауды сұраған. Айғаным Болатқызы отбасылы болған кезде бұрынғы күйеуі қол көтергенін айтты.

"2019 жылы жанжал барысында көзімді ұрды. Бірақ қазір ол оны мойындамай отыр. Себебі мен дер кезінде сотқа бармадым. Көзім шығып кете жаздады. Алайда анасы екеуі үйді кілттеп қойып, мені ешқайда жібермей ұстап отырды. Ауруханалар дүйсенбі күні ашылатынын айтып, соған дейін күтуімді сұрады. Жай жұдырықпен ұрған болса екен, ол көзімді өзінің қысқы етігімен ұрды. Көзім қанталап кетті. Екі күн өткен соң өздері ауруханаға апарды. Қатты соққы деп жазып беріп, қалыпқа келуге ұзақ уақыт кетті. Қолымда сол кездегі медициналық сараптама бар. Оның алдында да "мені ұрдың, ажырасамын" деп Меркеде сот сараптамасынан өткенім бар. Бірақ ол кездегі құжаттарды қолыма бермеді, бірақ ол жағдай тіркеліп тұр", - деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.