Ақтау қаласында Нұрқанат Райыстың кәсіпқой рингтегі дебюті өтеді.
Нұрқанат Райыс кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды
Фото: Бокс федерациясы
717
оқылды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі  Нұрқанат Райыс кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізетін болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Meta-ratings.kz-тің жазуынша, спортшы ақпан айының 23-і күні Ақтау қаласында жекпе-жекке шығады. 

«Ақтау қаласында Нұрқанат Райыстың кәсіпқой рингтегі дебюті өтеді. Бұл 6 раундтық жекпе-жек болады. Қарсыласы ресми түрде кейінірек жарияланады. Қазір Нұрқанаттың кәсіпқой боксқа толық ауысатыны туралы айтуға әлі ерте. Ол әуесқой бокста да өнер көрсетуді жалғастыруы мүмкін, - деді менеджері Жанпейіс Назарғали.  

Нұрқанат Райыс 2022 жылғы Азия чемпионатында күміс жүлде алды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.