Бұл дүбірлі додаға 40 елден 110 спортшы келген
Әмин Тұяқов жүлдесіне арналған II Astana Indoor Meet сайысының салтанатты ашылу рәсімі өтті
sportqory.kz
604
оқылды

Әмин Тұяқов жүлдесіне арналған II Astana Indoor Meet сайысының салтанатты ашылу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz  24.kz арнасына сілтеме жасап

Халықаралық бәсеке Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде өтіп жатыр. Бұл дүбірлі додаға 40 елден 110 спортшы келген. Турнирде ел намысын 44 атлетіміз қорғайды. Палата спикері мұндай әлемдік деңгейдегі жарыс жас буынды үлкен мақсаттарға жетелеп, ынталандыра түсетінін жеткізді.

Ашылу салтанатына ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты.

Қазіргі таңда спорт саласына айырықша көңіл бөлініп отыр. Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауымен ірі жобалар іске асырылуда. Кәсіпқой, әуесқой, бұқаралық және инклюзивті спорт түрлерін қатар дамыту жолында маңызды бастамалар қолға алынып жатыр. Қазақстанда халықаралық іргелі сайыстардың өткізілуі де сол ауқымды жұмыстың жарқын нәтижесі, деді Сенат төрағасы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз