«Барыс» осыған дейін қатарынан 12 ойында жеңілген болатын.
«Барыс»  жеңіске жетті
hcbarys.kz
596
оқылды

Астаналық «Барыс» хоккей клубы ресейлік «Сибирь» командасын жеңді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Астанада өткен Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойыны аясында қазақстандық «Барыс» хоккейшілері Ресейден келген «Сибирь» командасымен кездесті.

Матч қорытындысы бойынша, елордалық команда «Сибирьді» 4:3 есебімен жеңді.

Еске сала кетсек, «Барыс» осыған дейін қатарынан 12 ойында жеңілген болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз