Мельбурн қаласында теннистен Аустралия ашық чемпионаты мәресіне жетті, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Ерлер арасында жекелей сында әлемнің 1-ракеткасы, 23 жастағы италиялық Янник Синнер үздік шықты.
Ол финалда әлемнің 2-ракеткасы, германиялық Александр Зверевті 6:3, 7:6 (7:4), 6:3 есебімен ұтты.
Теннисші екінші жыл қатарынан Аустралия біріншілігінде үздік атанды.
Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Александр Шевченко Аустралия біріншілігінде алғашқы айналымнан аса алмады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз