27 қаңтар – 2 ақпан аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін жариялады, – деп хабарлайды Аikyn.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
27 қаңтар-3 ақпан – Фристайл могулдан халықаралық жарыс
Қазақстан құрамасы сапынан 7 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Финляндия, Юваскюля қ.
27 қаңтар-3 ақпан – Тау шаңғысынан халықаралық турнир (FIS)
Жарыста 4 отандасымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Қырғызстан, Қашқұлақ қ.
27 қаңтар-2 ақпан – Пара шаңғыдан әлем кубогы
Бұл сында ел намысын 7 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Италия, Валь-ди-Фьямме қ.
28 қаңтар-6 ақпан – Семсерлесуден әлем кубогы (шпага, әйелдер)
Халықаралық жарыста 3 жерлесіміз бақ сынайды.
Өтетін орны: Испания, Ампоста қ.
30 қаңтар-4 ақпан – Шаңғымен трамплиннен секіруден FIS кубогы
Қазақстан құрамасынан 3 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Польша, Щирк қ.
1 ақпан-10 ақпан – Шаңғыдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты
Әлем біріншілігіне ел құрамасынан 8 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Италия, Скильпарио қ.
1-3 ақпан – Қоян-қолтық ұрыстан ҚР чемпионаты
Ел біріншілігінде 16 өңірден 100 спортшы өнер көрсетеді (12-13 жас аралығындағы ұлдар).
Өтетін орны: Алматы қ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз