«AMANAT» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы «Құ­қықтық көмек» жобасы аясында елді мекендерде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізу жұмысын жалғастыруда. Мәселе, кезекті қабылдау жуырда Қарғалы ауданы орталығында және Қос-Истек ауылдық округінде өтті.
Қоғамдық қабылдау өтіп жатыр
129
оқылды

Қоғамдық қабылдауға партия­ның облыстық филиалының заңгері Гүлсім Құлжабаева, Әділет депар­та­ментінің жетекші маманы Мейір­жан Тоғызбай, Қарғалы аудандық мәс­лихатының төрағасы Сапарбек Аман­жолов, нотариус Ерлан Айт­паев қатысып, тұрғындардың өті­ніш-тілегіне құлақ түрді. Тұрғындар әр­түрлі мәселемен жүгінді.

Мәселен, қоғамдық қабылдауға кел­ген тұрғындардың бірі жолда­сы­мен ажырасқаннан кейін бала­ла­ры­мен бірге далада қалғанын, себебі тұр­ғын үй құжаттары жұбайына рә­­­сімделгенін айтып, заңгерден кө­мек сұрады. Тағы бір тұрғын қары­зы­нан толық құтылса да, 10 жылдан ас­там уақыт бойы банкке берешек бо­лып келген. Сондай-ақ өз атына не­сие рәсімдеп берген азаматша туыс­қанынан қарызын қалай қай­та­рарын білмей жүр. 

Қоғамдық қабылдауда заңгерлік кө­мекпен қатар тұрғын үйге құжат ре­сімдеу, мемлекеттік бағдар­ла­ма­лар бойынша түсіндіру жұмыстары жүр­гізілді. Сондай-ақ екі қолға бір кү­рек іздеген тұрғындарға аудандағы бос жұмыс орындары туралы ақпа­рат берілді. 

Партияның Қарғалы аудандық фи­лиалының атқарушы хатшысы На­дежда Заглядованың айтуынша, был­тыр партия филиалының қоғам­дық қабылдауына 308 адам келіп, көмек сұраған. Оның 207-сі оң ше­шілсе, 101 адамға заң аясында түсін­діру жұмыстары жүргізілді. Келу­ші­лердің дені тұрғын үймен қам­та­ма­сыз ету, әлеуметтік қамсыздандыру, жұ­мысқа орналастыру, тұрғын үй-ком­муналдық сипаттағы өтініш­тер­мен жүгінген. 

Айта кету керек, партия жаны­нан құрылған «Құқықтық көмек» жо­басы бойынша тұрғындарға тегін заң­герлік көмек көрсетіледі. Был­тыр осы жоба аясында 102 қоғамдық қа­былдау өтіп, 335 адамның мәсе­лесі қаралды.

Ә.САМАТҰЛЫ