Целиноград ауданының «Родина» агрофирмасы» ЖШС-да Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да баламасы жоқ сиыр сауу цехы ашылды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.
Шведтік DeLaval брендінің роботты сауу карусельді жүйесі бірреттік сыйымдылығы 80 бас болатын 5 сағат ішінде 2 000 сиырға қызмет көрсете алады, сондықтан оператордан ең аз күш қажет. Бір ауысымда қондырғыға тек 12 адам қызмет көрсетеді.
Бұл шаралар Ақмола облысына тауарлық сүт өндірісін 40 мың тоннаға немесе 1,5 есеге, 90 мың тоннадан 130 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңірге елорда тұрғындарын 50 пайызға сүт өнімдерімен қамтамасыз ету мүмкіндігін ашады.
Өткен жылы қуаттылығы шамамен 4,9 мың бас мал болатын бес ірі сүт-тауар фермасы құрылды. Биылғы жылы 1,2 мың басқа тағы 2 СТФ іске қосу жоспарлануда.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.