Осыған байланысты ҚР Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Еділ Жаңбыршин әлеуметтік желіде өз пікірін білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Президент бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында және осыған дейінгі Жолдаулары мен өткізген жиналыстарында елімізді дамыту жөнінде талай тапсырмалар берді, ұтымды ұсыныстар айтты.
Бірақ елде экономикалық және әлеуметтік жағдай өзі айтқандай мәз емес. Оны халық та, билікте біліп отыр.
Жағдай жыл сайын қиындауда, атқарушы билік кризисті ауыздықтай алмауда.
Себебі профессор Преображенский айтқандай "Разруха в головах" болып тұр. Бәрі кадр саясатының әлсіздігінен.
Жаңаша ойлай алмайтын, шаблонды-стандартпен жұмыс жасайтын, олигополияның айтқанын шыға алмай солардың сойылын соғатын, жауапкершілікті мойнына алмай тапсырмаларды басқа біреуге ысыруға бейім, ешқандай айтарлықтай нәтиже көрсетпей билікте отырған, әсіресе көптен бері келе жатқан кадрларды ауыстырмай ештеңе өзгермейді.
Мемлекет басшысы "Бізге, ең алдымен, білікті және ел мүддесін ойлайтын отаншыл кадрлар керек. Дәл осындай мамандарды тауып, оларды басшылық лауазымдарға тағайындаймыз", – деді. Өте дұрыс шешім.
Сонымен қатар, ол кадрларға жұмыс жасау үшін саясат пен экономикада еркіндік беріліп және әр түрлі "топтардың" тарапынан қысым жасалмауы керек.
Бір сөзбен айтқанда елде үлкен өзгерістер жасағымыз келсе, МЫҚТЫ КАДРЛАР билікке келуі керек.
Оларсыз жобаның бәрі жоба күйінде қала береді! – деп жазды ол.