Осыған байланысты ҚР Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Аманжол Әлтай өз пікірін білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
БАСТЫ БАЙЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ!
Президент биыл жазғы маусымға дейін МӘМС жаңғырту заңының жобасын әзірлеуді тапсырды.
Кеше Парламент қабырғасында Мәжіліс депутаттары МӘМС бойынша реформа керектігін, қордаланған кемшіліктерді уақыт оздырмай шешу керектігін ескерткен болатын.
Мемлекет басшысы “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” ұлттық жобасын іске асыруды қарқынын арттыруды тапсырды.
Көпсалалы аудандық ауруханаларды жаңғырту жұмыстары баяу жүріп жатқанын ескертті, 2026 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.
БІЛІМ – ӨМІР ШЫРАҒЫ!
Президент үш жыл ішінде бүкіл еліміз бойынша 1300 мектепті жаңғыртуды тапсырды. Нақты оқу орындарына мемлекеттік тапсырысты алып тастап, ваучерлік қаржыландыру жобасының тиімділігін атап өтті.
“Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін толық қайта қараудың маңыздылығына тоқталды. Нәтижесінде колледждер сұранысқа ие кадрларды даярлау мүмкіндігіне қол жеткізуі тиіс.
Алдағы уақытта рейтинг бойынша алда тұрған ЖОО мемлекеттік білім беру тапсырысының басым бөлігін иеленетін болады. Бұл қадам – жастардың сапалы білім алуына жол ашады.
ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ БАСЫМ БОЛУЫ ТИІС!
Үкіметке ӨБК-келісімшарттарын (өнімді бөлу туралы келісім) жаңартылған, ел үшін тиімді шарттармен ұзартуға қатысты келіссөздерді жандандыру тапсырылды.
Келісімдердің көпшілігі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, шетелдік инвестицияларды жедел тартуды талап ететін жағдайларда жасалғанын атап өткен жөн.
Бүгінде еліміз үшін әділетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін оларды қайта қараудың уақыты келді. Мемлекет басшысы осыны тапсыра отырып, ол үшін ұлттық мүдде басымдық боп қала беретінін баса айтты.
ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ – ТАБЫСТЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨЗІ!
Елдегі туризмді дамыту – экономиканы әртараптандырудың маңызды бағыттарының бірі. Бұл салада әрбір өңірдің даму перспективасы бар.
Біз тек ішкі туризмді дамытумен ғана шектеліп қалмауымыз керек. Шетелдік туристерге бағыттай отырып, туристік инфрақұрылымды дамытуға да инвестициялар тарту қажет.
Мемлекет басшысы қазақ даласындағы көркем табиғатты, ғажайып мекендердің әлемдік туризмнің төріне айналған орындардан кем түспейтінін атап өтті.
АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНДІ ДАМЫТУ – ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ДРАЙВЕРІНІҢ БІРІ БОЛУЫ КЕРЕК!
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан рекордтық өнім көлемін жинай алды. Ал тұтастай алғанда, бұл сала экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда 13,7% тұрақты өсім көрсетті.
Бұл ретте Президент Үкіметтің алдына едәуір ауқымды міндеттер қойып, биылғы егін науқанына кем дегенде 700 миллиард теңге бөлуді тапсырды.
БАНКТЕРГЕ ҚАРЫЗДЫ ҚАЙТАРАТЫН УАҚЫТ ЖЕТТІ!
Президент екінші деңгейдегі банктердің акционерлеріне оларды қолдау және құтқару үшін берілген қарыздарын қайтаратын уақыт келгенін еске салды. Мемлекеттік қаражат есебінен банктер өз шығындарын өтегеніне қарамастан, олар мемлекетке тиесілі қаражатты өздерін байытуы үшін пайдалануды жалғастыруда.
Судың да сұрауы бар!