ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті коронавирус жағдайлары расталған үш рейс жолаушыларына үндеу жасады.
"Биыл 10 наурызында сағат 02.45-те ұшып келген Франкфурт - Нұр-Сұлтан - Алматы рейсінің жолаушыларын 1406 немесе 103 нөміріне қоңырау шалуларын сұраймыз", - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті 12 наурызда сағат 06.10-да келген Мәскеу - Нұр-Сұлтан № SU - 1956 рейсінің жолаушыларын және 10 наурызында келген Варшава - Нұр-Сұлтан № 195 жолаушыларын 1406 немесе 103 нөміріне қоңырау шалуға шақырды.
Еске салайық, бүгін Қазақстанда тіркелген коронавирус жағдайының саны алтауға жетті. Олар дәрігерлердің қатаң бақылауда, карантинде жатыр.