Бангкок қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығып, индонезиялық Фласидус Нуноны нокаутқа жіберді
Кәсіпқой бокс: «Қазақ жауынгері» Азия чемпионы атанды
sports24.kz
1,421
оқылды

Кәсіпқой бокста «Қазақ жауынгері» лақап атымен өнер көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Елшат Нығметолла (20-0-1, 7КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, , – деп хабарлайды Аikyn.kz  kaz.inform.kz сілтеме жасап.

Қазақ боксшысы Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығып, индонезиялық Фласидус Нуноны (10-1-2, 8КО) нокаутқа жіберіп, аса жеңіл салмақтағы WBA Asia титулын жеңіп алды.

Айта кетерлігі, Елшат Нығметолла кәсіпқой бокста 2019 жылдан бастап Қазақстанның намысын қоғап жүр. Супер жеңіл салмақта әлемдік рейтингіде 76-орында тұр.

31 жастағы спортшы 2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, 2016 жылы WBO тұжырымы бойынша Қытай чемпионы, 2018 жылы WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанған болатын.