Қазақстандық Алина Дауранова Коллальбода (Италия) конькимен жүгіруден әлем кубогының жасөспірімдер кезеңінде үшінші медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл жолы спортшы 500 метрге жүгіруде мәреге екінші болып жетті. Бірінші орынды Ханна Биро (Венгрия) иеленді. Үздік үштікті Майбрит Вигл (Италия) түйіндеді.
Айта кетейік, Дауранова бұған дейін 1000 метрге жүгіруде және командалық спринтте алтын алған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.