Алина Дауранова конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде алтын жүлдегер атанды.
Қазақстандық спортшы әлем кубогында жеңіске жетті
Фото: gov.kz
235
оқылды

Астана қаласының спортшысы Алина Дауранова Италияның Коллальбо қаласында конькимен жүгіру спортынан жасөспірімдер мен нео-сеньорлар арасындағы әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол 1 000 метр қашықтықта нео-сеньорлар санатында бірінші орын алып, 1:21.74 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Күміс жүлдені италиялық Мэйбрит Вигл (1:22.77) иеленсе, қола норвегиялық Айне Наккенге бұйырған (1:23.50).

Осыған дейін Алина Дауранова командалық спринтте алтын, 500 метр қашықтықта күміс жүлде жеңіп алған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.