2025 жылы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдер көлемі өсті. Оның ішінде жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері ұлғайтылды.
Әлеуметтік төлемдер көлемі өсті
157
оқылды

2025 жылы зейнетақылар мен жәрдемақылардың барлық түрінің мөлшері ұлғайтылды. Жыл басынан бері қалыптасқан зейнеткерлер үшін ынтымақты зейнетақы мөлшері 8,5%-ға артты. Базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің жыл сайынғы өсуін, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оның ең төменгі мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінен 60%-дан 70%-ға дейін есептеу тәртібінің өзгеруін ескере отырып өсті.

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылға дейін болған жағдайда, азаматтар базалық зейнетақының ең төменгі мөлшеріне сене алады, ол қазір ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на тең немесе 32 360 теңге.

Сонымен қатар 2025 жылы айлық есептік көрсеткіш ұлғайып, 3 932 теңгені құрады. Ол жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұлдар, салықтар және басқа төлемдерді қолдану үшін қолданылады.

Мемлекеттік бюджеттен алғашқы жәрдемақы баланың туылуына байланысты төленеді. Алғашқы үш балаға бір мезгілде 38 АЕК төленеді, бұл 2025 жылы 149 416 теңгеге тең. Төртінші және одан кейінгі балалардың тууына – 63 АЕК немесе 247 716 теңге.

Халықты әлеуметтік қорғау кез келген әлеуметтік бағдарланған мемлекеттің ажырамас функциясы, оның негізгі мақсаты ел азаматтарының өмір сүру жағдайын жақсартуға және көтеруге бағытталған әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту.

Қазақстанда екі жылда 32 апатты және 71 үш ауысымды мектеп мәселесі шешімін тауып, ел аумағындағы 200 мектепте оқушы орны тапшылығы жойылды.

Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, оған осы уақыт аралығында қолданысқа берілген мектептердің рекордтық саны ықпал етті, жарты миллион оқушы орнына арналған 422 мектеп салынды.

Қазір елімізде 8 000-ға жуық орта білім беру ұйы­мы бар. Соңғы 10 жылда оқушы саны 1 миллион астам балаға өсіп, 3,9 миллионды құрады.

Оқушы орындарының тапшылығы, үш ауысымды оқыту және апаттық мектептер мәселесін шешу, сондай-ақ қалалар мен ауылдар арасындағы білім беру инфрақұрылымы сапасының айырмашылығын төмендету мақсатында елімізде мектеп құрылысын жүргізу және реновациялау бойынша бірқатар бастамалар қарқынды іске асырылуда.

«Мектептердің құрылысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында, республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен, Білім беру инфрақұрылымын қаржылай қолдау қоры арқылы және жеке инвесторлар есебінен жүзеге асырылуда. Биылғы жылы елімізде 300 мың орындық 200-ге жуық мектептің құрылысы жүреді. Бұл шаралар 2026 жылға дейін оқушы орнының тапшылығын толықтай жоюға мүмкіндік береді», – дейді Инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Роза Сембаева.

Атап өту керек, мемлекет жаңа оқушы орындарын ашу және балалар үшін жайлы жағдай жасау бойынша кешенді шаралар қабылдауда. Бұл еліміздің барлық өңірінде білім инфрақұрылымын дамытып қана қоймай, балалардың сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады.

С.БЕГІМБАЙ