Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев онлайн баспасөз мәслихатында мәлім етті.
«Мал ұрлығы үшін Қылмыстық кодексте жеке бап енгізілді. Ұрлықшының мүлкін тәркілеп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылды. Мал ұрлығы қайталанса және қорадан ұрлаған жағдайда жаза қатаңдайды, яғни ауыр қылмыстар санатына жатады», – деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, аталған жаза түрі екі жақтың өзара татуласып, ұрының жауапкершіліктен жалтаруына жол бермейді. Айта кетейік, таяуда Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбаев Шығыс Қазақстанда мал ұрлығы өршіп тұрғанын айтып, Ішкі істер министрлігіне мәселені назарға алуды сұраған болатын.
С.БЕГІМБАЙ