Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру жүйелі жүзеге асырылды.
«Жемқорлыққа жол жоқ» апталығы балабақшада өтті
184
оқылды

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамды қатты алаңдатып отырған келеңсіз жағдай екені рас. Оның алдын алу, жемқорлықты болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мақсатында 7-бөбекжай бақшасында «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалы және «Болашақ» бастауыш партиясының  ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ» апталығы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Апталықтың мақсаты – өскелең жас ұрпақты  тәрбиелеу жолындағы педагогтарды адал жолмен жүруге, адалдықты ұстануға бағыттау. Жас мамандарға парасататтылық, адалдық, әділдік, сенім, «ар-ұждан» құндылықтарын барынша насихаттау. Сыбайлас жемқорлықтың көріністерімен, одан туындайтын салдар туралы тұрақты қаупін есте сақтау, және кәсіби педагог ретіндегі беделге қатер төндіретін сыбайлас жемқорлықты болдырмау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру жүйелі жүзеге асырылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» комплаенс офицері «Жемқорлық» ұғымының мәнін ашып түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрудың негізгі басымдықтары мен міндеттері туралы; білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты.

Апталық барысында «Адал жол – Честный путь» тақырыбында дәріс, «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында баяндама оқылып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру негіздері» атты презентация мен «Жемқорлыққа жол жоқ». Жемқорлықпен күрес қоғам борышы»  бейнеролигі көрсетілді. «Сыбайлас жемқорлыққа» қатысты заң бойынша түсіндірме жұмысы да жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оған қарсы тұру үшін заңды білу қажеттігі де айтылды. Ата-аналармен  «Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ» атты  пікірталас ұйымдастырылды.  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты сауалнама жүргізілді.  «Саналы ұрпақ» атты балалармен ұйымдастырылған іс-шарада балаларға жалпы ұғым беріліп, ойларын еркін, толыққанды жеткізген белсенді балалармен ролик түсірілді.