Бұл күн – бүкіл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыруға елеулі үлес қосатын күн.
Еліміздің түкпір-түкпірінде бұл күнді атап өтеді. Өйткені республиканы танытатын рәміздер мен ұлттық менталитет, Парасатты Президент. Осы қатарға халық атынан жастарды да қосу орынды деп ойлаймын. Себебі еліміздің болашағы бүгінгі жастардың қолында. Осы орайда, республикамыздың дамуындағы жастарға берілетін орынның да ерекше екені айқын.
Саяси бағыт-бағдар, үдемелі үдерісі бар Қазақстанда жастарға білім алу, техникалық өндірістерге шығармашылық таныту, кәсіпкерлікке бағдарлану үшін түрлі мүмкіндіктер қарастырылып отыр.
«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы мемлекеттің жас мамандарын әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерден жұмыс ұсынады.100 АЕК мөлшеріндегі көтерілуге көмектің бірыңғай жәрдемақысын, 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алуға және құрылысына арналған бюджеттік несие, ауылдық елде мекендерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелерінің мамандарына лауазымдық еңбекақының тарифтік мөлшерлемесінен 25% кем емес (қалалық елді мекенде) арттыру қарастырылады.
«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы мақсатты түрде түлектерді алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін жұмысқа орналастыруды қарастырады. 12 айға дейін жастар практикасынан өту үшін жұмыс орындары меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады. Жұмыс орындары білім беру ұйымында түлек алған мамандыққа сәйкес келсе болғаны. Сонымен қатар ай сайынғы жалақы мөлшері салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және басқа да әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім» – техникалық және кәсіптік білімі бар (ТжКБ) кадрларды даярлау, алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алуға жағдай жасау. Мұнда 9 немесе 11-сыныптан кейін оқуын жалғастыра алмаған мектеп түлектері үшін қолжетімді. Оқыту ұзақтығы оқыту мерзімдері мен білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтар тізбесіне сәйкес айқындалады. Бағдарламаға қатысушы-жастарға мемлекеттік қаражат есебінен оқу ақысын төлейді, бірреттік ыстық тамақпен қамтамасыз етеді, стипендия төлейді, оқу орнына дейін жол жүру үшін ақша бөлінеді. Бұл үлкен мүмкіндік. Сол секілді «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасы – жастардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларға бірінші жұмыс орнында қажетті еңбек дағдыларын беру мақсатында жүргізіледі. Оқу барысында жатақхана беріледі және стипендия төленеді. Жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 24 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы 1 жыл жұмыс үшін еңбекақы төлеуді субсидиялайды.
«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы жұмыс іздеп жүрген жастар мен жұмыссыз адамдар үшін, оның ішінде білім беру ұйымының түлектері үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің қосымша шараларын іске асыру шеңберінде халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұлттық жобаға қатысушыларды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруды жүзеге асырады, содан кейін зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерді ауыстырады. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмыс беруші Халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырады, бұл ретте халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыстың 6 айы ішінде еңбекақы төлеуді субсидиялайды;
«Бастау Бизнес» бағдарламасы қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларға, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған. Бизнес-жобаны қорғағаннан кейін қатысушылар гранттар мен микрокредиттер түрінде бастапқы капиталды алады. Бизнес-тренер бірінші пайда алғанға дейін бизнесті жүзеге асыру процесін сүйемелдейді. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен немесе «Еңбек» бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді оқытуды аяқтаған және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде гранттар алмаған «Еңбек» бағдарламасының қатысушылары мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер бола алады.
«Әлеуметтік жұмыс орны» жұмыс беруші мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы келісімшарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін, олардың жалақысын субсидиялау арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Субсидия мөлшері айына белгіленген жалақы мөлшерінің 35%-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайды. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға еңбекақы төлеудің бір бөлігін жұмыс беруші еңбек шартында белгіленген мөлшер негізге алына отырып, ай сайын нақты жұмыс істеген уақыты үшін дербес жүргізеді. Міне аталған бағдарламалардың барлығы мемлекет тарапынан жастарды қолдау мен демеуге арналған бағыттар. Өйткені, Жаңа Қазақстан құрудағы еліміздегі индустриалды-инновациялық дамудың дербес даңғылын құруда жастар ресурсы өте қажет етіледі. Бүгінгі жастар ертеңгі білікті мамандар еліміздің экономикалық қуатын күшейтіп, тамырын тереңдету үшін заманауи талапқа сай өнімді күштердің жаңа құрылымын қалап, елдің келешегін кемелдендіреді деген сенімнің барында болуда. Ол әлемдік экономикадағы еншімізді еселеп, даму бағытын ширатуда мағызды рөл атқарады. Отандық тауарларды өндіруде жастарымыз «Ереуіл атқа ер салып, елім деп өткен талай мықта қазақ ерлердің ерлік жолдарымен соқтықпалы соқпақжолдарда сағы сынбаған, еңсесі түспеген рухымен шабыттанып, аянбай халқына еңбек етсе, игіліктер арта түсетіні сөзсіз. Сөзімнің соңында халқымыздың «жақсы сөз – жарым ырыс» деген жастардың өсуі мен шыңдалуында шетте қалмай бірлесе ықпалдасайық дегіміз келеді. Іргесі берік, жастары рухты еліміздің ұлттық мерекесі Республика күні – Отанды ұлықтау, отбасын сақтау, достыққа адалдық, уәдеге беріктік, еңбекке табандылық, қиындыққа төзімділікпен маңдай термен тапқан тәтті нанның дәмі ұғымымен бекісін деген тілек білдіреміз.
«Болашақ» бастауыш партия ұйымының төрағасы,
Талдықорған қалалық мәслихат депутаты
Гүлниса Тұлымшақова