Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы белгілі болды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Qazsport телеарнасының мәліметінше, боксшымыз 5 сәуір күні Астанада франциялық Анауель Нгамиссингеге (13:0, 8 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді.
Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы 2024 жылы 4 қазанда Аустралияның Сидней қаласында жұдырықтасып, жаңа зеландиялық Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) тоғызыншы раундта нокаутқа түсірген еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз