17 жастағы Сая Қыдырәлі ағылшын тілі бойынша халықаралық IELTS емтиханынан ең жоғары 9.0 ұпай жинап, әлемдік рекорд жаңартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ресми статистика бойынша, бұл нәтижеге тапсырушылардың небәрі 0,5%-ы ғана қол жеткізе алады. Сая тестілеуге 11 жасынан бастап дайындалып, өз көрсеткішін 6.5-тен 9.0-ге дейін жақсартқан.
Бүгінде Сая Қыдырәлінің ағылшын тілі мектебі бар. Ол тілді алты жасынан бастап үйренген.
Ол IELTS бойынша әлемде максималды 9 балл алған ең жас адам екенін айта кету керек.