Былтырғы қараша айынан бастап барлық коммуналдық қызметке Бірыңғай түбіртек енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Түбіртек барлық төлемді шоғырландыруға арналған. Төлеушілерге ыңғайлы болу үшін барлық ақпарат бір түбіртекте жинақталады.
– Біздің мақсатымыз – бұл жүйені қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен ауылдарда да қолжетімді ету. Бір түбіртек екінші деңгейлі банктер арқылы онлайн режимде беріледі және оны оңай төлеуге болады. Сұраныс бойынша қағаз нұсқасы да қолжетімді. Облыс әкімдіктері жұмысқа кірісіп кетті, бірқатар елді мекенде тұрғындар цифрлық түбіртек ала алады. Біз азаматтарымыз үшін үдерістерді кеңейтуді және жеңілдетуді жалғастырамыз, – деп атап өтті Жәннат Дүбірова.