ANAU-MYNAU – көрмеге кездейсоқ берілген атау емес, бұл «осында және қазір» деген идеяны білдіреді. Идея аясында талантты суретшілердің кескіндеме және графика саласындағы жұмыстары қойылды. Аталған көрменің мақсаты – өткен мен бүгіннің арасында мәдени диалогті көрсету, жас авторлардың әлемге жаңа көзқарасын ұсыну. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге іріктеу кезеңдерін қосқанда дайындыққа 8 ай уақыт кетті.
Жастар өнерінің бірінші биенналесі – суретшілерді қолдаудағы маңызды қадам. Жалпы, көрмедегі әрбір картинада белгілі бір мағыналық мазмұн бар. Жас авторлардың шығармаларынан бейнелеу өнері арқылы өзін танытуға деген ұмтылыс сезіледі.
Айта кетейік, елімізде ұйымдастырылған алғашқы шара енді екі жылда бір рет өтетін болады.
Бахадыр Яшар ЖАНСУ,
Қ. Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ-түрік университетінің 2-курс студенті