Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі.
Қатты аяз, тұман, жел: 6 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto
669
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 6 ақпанда еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Түнде және таңертең Астанада тұман болады, солтүстік-шығыстан жел соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман болады деп күтіледі.

Ұлытау облысының шығысында кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде аздап қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде аздап қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Петропавлда да тұман түседі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында қатты аяз болып, сынап бағаны 25 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі. Талдықорғанда да түнде қатты аяз болып, сынап бағаны минус 25 градусты көрсетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі, күндіз облыстың тау асуларында шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Атырау облысында шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылордада солтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні – 15-20 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.