Мадина Нұржанқызы Астамирова – ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы.
Ауыр атлетикадан Азия чемпионы лауазымды қызметке тағайындалды
Фото: Instagram/wf_rk
472
оқылды

Ауыр атлетикадан Азия чемпионы Мадина Астамирова Ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті болып тағайындалды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджиев Гаджи Шапиевичтің бұйрығымен Астамирова Мадина Нуржановна Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясының бірінші вице-президенті болып тағайындалды, делінген ақпаратта.

 Мадина Нұржанқызы  Астамирова – ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан рекордшысы.

2010 жылғы қыздар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері.

2011 жылғы қыздар арасындағы Азия чемпионы.

Ол 2023 жылдан бері Ауыр атлетика федерациясының Бас хатшысы қызметін атқарып келеді.