Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы – франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО).
Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі Астанада өтетін болды
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly
548
оқылды

Танымал кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы кім екені белгілі болды. Сондай-ақ кезекті жекпе-жек Астана қаласында өтеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кездесу 2025 жылғы 5 сәуірге жоспарланған. Осы ретте боксшы алдағы жекпе-жекке қатысты үндеу жасады.

Құрметті жанкүйерлер, бұйыртса, 5 сәуір Астана қаласында жұдырықтасамыз!

Өз елімде, сіздердің алдарыңызда өнер көрсетуді мақсат етіп жүр едім, оған да жеттік! Бұйыртса, екі әлем чемпионы титулын қорғаймыз!

Qazaq Style-ды ринг қасында, аренада отырып тамашалайсыздар! Жеңісті күнде жүздесейік! – деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Qazaq Style-дың қарсыласы –  франциялық Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 КО).