ҰОК баспасөз қызметі қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін жариялады. 
Азиада-2025: Қазақстан ұлттық құрамасы спортшыларының 7 ақпандағы жарыс кестесі
Фото: ҰОК
708
оқылды

7 ақпанда Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында шорт-трекшілер медаль үшін жарысқа шығады. Сонымен қатар Қазақстан құрамасы жарыстың ашылу салтанатына қатысады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ҰОК баспасөз қызметі қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін жариялады. 

Спорт түрі: Шайбалы хоккей, ерлер. Топтық кезең

Кездесу: Қазақстан - Тайбэй

Басталуы: 06:00

Спорт түрі: Шорт-трек, ерлер мен әйелдер, аралас эстафеталық команда. 500, 1000, 1500 метр, эстафета (іріктеу кезеңдері, 1/4 финал, 1/2 финал)

Жарысқа қатысатындар: Ольга Тихонова, Малика Ермек, Яна Хан, Зейнеп Кумаркан, Алина Әжғалиева, Мадина Жанбусинова, Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Айбек Насен, Мерсаид Жақсыбаев, Глеб Ивченко

Басталуы: 06:00 (10:00-ге дейін)

2025 жылғы қысқы Азия ойындарының ашылу салтанаты

Басталуы: 17:00