Қос файтер былтыр желтоқсанда төбелесуі керек болған.
«Рамазан айында төбелеспеймін»: Белал Мухаммад Шавкатпен қашан жекпе-жекке шығатынын айтты
Фото: Chris Unger/Getty Images
545
оқылды

UFC лигасында орта салмақта (77 келі) әлем чемпионы америкалық Белал Мухаммад қазақ файтері Шавкат Рахмоновпен болуы тиіс жекпе-жектің уақытын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Қос файтер былтыр желтоқсанда төбелесуі керек болған. Алайда Белал аяғына жара шыққанын алға тартып, жекпе-жекті кейінге қалдырды. Енді ол қалай болғанда да чемпиондық титулын қорғауы тиіс.

«Рамазан биыл наурызда болады. Мен бұл айды толықтай өзіме арнаймын. Тек содан кейін ғана сәуір айында жаттығуға кірісемін. Сондықтан біздің жекпе-жекті мамыр айында өткізсе жақсы болатын еді.

Бұрындары мен чемпиондық титул үшін төбелесіп жүргенде Рамазан айында да жекпе-жекке шыға беретінмін. Ал қазір менде титул бар, яғни таңдау жасай аламын. Менің таңдауым – Рамазан айында төбелеспеу. Бұл мен үшін оңай емес, тіпті қиын», - деді Белал MMAJunkie.com сайтына берген сұхбатында.