Күміс жүлдені Жапония иеленсе, қола медаль Гонконгқа бұйырды.
Қазақстан құрамасы тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында алтын медаль алды
Фото: ДРС
438
оқылды

Қазақстан құрамасы тасжолдағы велоспорттан Пхитсанулокте (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, біздің спортшылар аралас командалық эстафетада жеңіске жетіп, тұғырдың ең жоғары сатысына көтерілді.

Елімізге алтын медальді Дмитрий Груздев, Евгений Федоров, Антон Кузьмин, Махаббат Үмітжанова, Рината Сұлтанова және Анжела Соловьева алып келді.

Күміс жүлдені Жапония иеленсе, қола медаль Гонконгқа бұйырды.