АҚШ тарихында ақталу мерзімі бойынша рекордмен – 25 жылдан кейін кінәсіздігі анықталып, бостандыққа шыққан афроамерикалық Гленн Форд көпшіліктің есінде шығар, сірә?!
Қилы-қилы құлаққап...
761
оқылды

Форд бір сұхбатында: «Бостандыққа шыққанда жұрттың бәрі ФТБ сияқты құлағына бірдеңе салып алған, неге бұлай істеп жүр деп таңғалғаным есімде. Сөйтсем, бұл  құлаққап екен, олар жай ғана әуен тыңдап жүрген» дейтіні бар. Расында, о баста тек қызметтік мақсатта қолданылған құлаққаптар бүгінде әркімнің қалтасында бар. Әрі бастапқыда тыңдауға ғана жараған құрылғы бүгінде тілдесуге мүмкіндік беріп отыр. Ал оның даму тарихы тіптен қызық…

Динамикті «жекешелендіру»

Техносарапшылар құлақ­қаптың шығу тарихын адамзаттың тыңдау талғамымен тығыз байланыстырады. Яғни, бі­реуге ұнаған дыбыс-дауыс енді бі­ріне жақпайды. Осы «қо­лай­сыз­дық» динамикті жеке мақ­сат­та қолдану технологиясын ту­­­ғызды және 1878 жылы элек­тро­динамикалық түрлендіргіш­ке (динамик) алғашқы патент алын­ды, бұл акустикалық жүйе­ні әзірлеудің бастамасы болды. 

Динамикті «жекешелендіру», яғ­ни оны бір адам ғана естуіне жағ­дай жасау алғаш кәсіби мақ­сатта жүзеге асты. 1880 жылдың ба­сында телефон опера­тор­лары жеке құлаққаптарды қол­дана бастайды. Бұл бір бөлмеде бірнеше адам­ның бір-біріне ке­дергі жасамай те­ле­фонмен сөйлесуіне мүмкіндік берді. Бұл уақытта 1890 жыл­дары Англияда Electrophone System ком­паниясы құрылды, олар концерт зал­да­ры­на микрофондар ор­натып, абоненттерге те­лефон арқылы сим­фо­ния­лар мен театрлық пьеса­лар тыңдауды ұсынды. Бұл қызмет түрі ақылы еді – жылына 5 фунт. Ал тағы бір фунт қос­саңыз, екінші динамик қосуға болатын, бұл құлаққаптарды сұранысқа ие етті. 

Ол кездегі құрылғылар­дың пі­шіні қазіргі құ­лақ­қаптарға ұқсаған жоқ. Ал­ғаш­қы жеке тыңдау жүйелері ауыр болды. Телефон оператор­лары пайдаланатын құлаққап­тар­дың салмағы төрт келідей,  тыңдаушының иығына тіреліп тұ­ратын. Ал Electrophone ұсын­ған құрылғы дәрігердің сте­тос­копына ұқсайтын. 1891 жылы фран­цуз инженері Эрнест Меркадье bi-telephone құрыл­ғысын патенттеді. Бұл қазіргі құ­лақішілік құлаққаптардың про­тотипі еді, ол 130 жылдан астам уақыт бұрын ұсынылған. Дәл осы прототипте өнертап­қыш құрылғыны ыңғайлы ету үшін амбушюрлерді пайдалану­ды ұсынды.

Сапа мен дизайн

Қазіргі бізге таныс пішіндегі ал­ғашқы құлаққаптардың бірі – америкалық Натаниэль Бол­дуин­нің Radio Head-Set өнерта­бы­сы болды. 1910 жылы жылы қол­­данысқа енген құрылғы адам­­ның басына ыңғайлы киі­летін – дәл мұндай құрылымды әлі күнге дейін кездестіреміз. Ол уақытта дыбыс әлі моноформат­та болғанымен, қолданушылар бұл жаңашылдыққа ерекше қуан­ды. Болдуин бұл өнімін өз үйі­нің асханасында жа­сай­ды және бұл жаңа­лы­ғын қа­рапайым әрі қымбат па­тент­ке тұрарлық деп сана­майды. Осылайша, жас инже­нердің идея­сын басқа өндіру­шілер кө­шіріп, сәтті өнімдер жасап шы­ғарды. 

1924 жылы құлаққаптар та­рихындағы келесі үлкен жаңалық Ойген Бейер жа­сай­ды. Ол Берлинде Elektrotechnische Fabrik Eugen Beyer атты дыбыс зо­райтқыштар шығара­тын зауыт құрды. 1937 жыл­ға қарай Beyerdynamic атауымен танымал болған компания әлемдегі алғашқы динамикалық құлаққаптар – DT 48 үлгісін шығарды. Бұл құлаққаптар Бол­дуиннің радиогарнитурасы­на қарағанда әлдеқайда жоғары дыбыс сапасын ұсынды. 

1950 жылдары жеке тыңдау мә­дениетінің жаңа кезеңі бас­талды. Бұған бірнеше маңызды фак­тор әсер етті: халық табы­сы­ның өсуі, стереожүйенің пайда болуы және винил пластинка­лар­дың кең таралуы. Осы мүм­кін­дікті пайдалана отырып, 1958 жы­лы америкалық джаз музы­канты Джон К. Косс әлемдегі ал­ғашқы стереоқұлаққаптар – SP/3 үлгісін ұсынды. 1960 жыл­дары басты музыка көзі радио бол­ды, сондықтан нарықта AM жә­н­е FM толқынын қа­былдай­тын радиоқабылдағышы бар құлаққаптар пайда болды. Бір қызығы, нарықта әлі күнге дейін радиоқұлаққаптар бар.

Жаңашылдық жылдары

90-жылдарға дейін құлақ­қаптарды сапалы әрі ыңғайлы ету мақсатында түрлі жаңашыл­дық жасалды. 1968 жыл Sennheiser ал­ғашқы HD 414 ашық құлаққап­тарын шығарды. Бұған дейінгілері ауыр, басқа киілетін тұсы жабық бол­ды. Бұл ұшқыштар мен әс­кери­лердің талаптарына сай бол­ғанымен, қарапайым тұ­тыну­шыға қолайсыз еді. 1979 жы­лы Sony компаниясы порта­тив­ті дыбыс дәуірін жасай алды. Олар Walkman плееріне MDL-3L2 құлаққаптарын қосып сат­ты. Сәйкесінше, тыңдаушы кез келген жерде – жолда, көлікте, та­биғат аясында музыка тың­дай алатын болды. 1979 жы­лы Bose компаниясы шу ба­сатын құлақ­қаптарды ой­лап тапты. Бұл тех­но­ло­гия сыртқы шуды жоюға к­ө­мек­тесіп, тың­дау­шы­ларға му­­зы­ка мен дыбысты таза әрі кедергісіз тыңдауға мүм­кін­дік берді.

2005 жылы Bluetake ком­па­ниясы ал­ғаш­қы Bluetooth тех­ноло­гия­сының көмегімен i-Phono BT420EX үл­гісін шы­ғарды. Бұл мо­дель сым­сыз байланыс тех­но­логия­сын пайдаланатын алғашқы құ­­­лаққаптардың бірі болды. 2000 жылдардың басында құ­лаққаптар жай ғана қолдан­балы құрылғыдан стильді ди­зайнмен ерекшеленетін аксес­суарға ай­нал­ды. Бұл өзгеріс үшін Apple, Bose және Beats by Dr. Dre ком­па­нияларын ерекше атап өтуге бо­лады, олар құлаққаптың ди­зай­нымен еркін эксперимент жа­сап, өз өніміне Bluetooth, дауыс­тық басқару және ақылды қыз­меттер сынды жаңа техно­ло­гияларды енгізуде батыл болды.

Асыл ТҰМАР