Чжэцзян технологиялық университетімен жасалған меморандум аясында «Кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект және тұрақты даму жөніндегі халықаралық бірлескен зертхана» құрып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл жоба Қазақстан, Қытай және Орталық Азия елдері арасындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және озық технологияларды дамытуға бағытталған маңызды қадам болмақ.
Қазіргі заманғы сын-қатерлер – климаттың өзгеруі, табиғи ресурстарды басқару, табиғи апаттар мен экономиканың цифрлануы жасанды интеллект пен кеңістіктік-уақыттық деректерді талдауға негізделген инновациялық шешімдерді талап етеді.
Зертхана жасанды интеллект, қашықтықтан зондтау, геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) бен болжамды модельдеу салаларында алдыңғы қатарлы зерттеу орталығы ретінде жұмыс істейді.
Зертхананың негізгі бағыттары:
- Су ресурстарын басқару: Жасанды интеллект пен ГАЖ технологиялары арқылы мониторинг жүргізу;
- Табиғи апаттарға ерте ескерту жүйелері:
- Су тасқындары, көшкіндер және қар көшкіндері туралы алдын ала болжау жүйелерін әзірлеу;
- Қоршаған орта өзгерістерін болжау:
- Кеңістіктік-уақыттық деректерді жасанды интеллект көмегімен талдау;
- Энергетикалық жүйелерді оңтайландыру: Интеллектуалды энергия тарату жүйелерін дамыту;
- Ауыл шаруашылығын цифрландыру: «Ақылды егіншілік» технологияларын енгізу.
Зертхананың құрылуы елімізге бірқатар маңызды мүмкіндік береді:
- Ғылыми-зерттеулер мен технологиялық әзірлемелер саласында жетекші орынға шығу;
- Халықаралық ғылыми жетістіктерді ұлттық тұрақты даму жүйесіне интеграциялау;
- Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласында мамандар даярлау деңгейін арттыру;
- Әлемдік ғылыми орталықтармен ынтымақтастықты нығайту;
- Табиғи апаттарға төзімділікті арттыру мақсатында инновациялық шешімдерді енгізу.
Аталмыш жоба логистика, көлік, энергетика, табиғи апаттарды мониторингтеу, ауыл шаруашылығын талдау және басқа да салаларда интеллектуалды жүйелерді дамыту үшін білім мен технология трансферіне арналған платформаға айналады. Сонымен қатар Қазақстанға кеңістіктік-уақыттық деректерді талдау және тұрақты даму саласында өңірлік көшбасшы болуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы жанынан құрылған Қазақстан-Қытай ғылым және технологияны трансферлеу орталығы 2025 жылы Қазақстанда өтетін «Қытай – Орталық Азия» екінші саммитіндегі маңызды оқиғалардың бірі болмақ. Бұл бастама Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-техникалық инновацияларды дамытуға үлес қосып, өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал етеді.