Оралда кондуктор өзі жұмыс істейтін автобус астына түсті, - деп хабарлайды mgorod.kz.
Төтенше жағдай 12 наурызда Молдағұлова көшесіндегі "Торговая база" аялдамасында болды.
БҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, № 7 жолаушылар автобусының жүргізушісі аялдамадан қозғалғанда кондуктор автобустан құлап кетіп, артқы дөңгелектердің астында қалған.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан кондуктор түрлі жарақат алып, Орал қалалық ММБ реанимация бөліміне жатқызылды. Медициналық тексеріс нәтижесі бойынша, көлік жүргізушісі мас болмаған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы "Жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі өкілі.