Спортшы 76,54 ұпай жинаған.
Тағы бір қола:  Аяна Жолдас мәрені үшінші болып кесті
Фото: ҰОК
254
оқылды

Қазақстандық спортшы Аяна Жолдас фристайл-акробатикадан Харбиндегі Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жеңісті қытайлық Чу Мэньтао 90,94 ұпаймен жеңіп алды. Екінші орын 81,58 көрсеткішпен Чен Сиуженге (Қытай) бұйырды. Ардана Маханова шешуші финалға өте алмады.

Аяна Жолдас 76,54 ұпай жинап, үшінші орынға ие болды.