Қазақстан Оңтүстік Корея құрамасын жеңді.
Харбин-2025: Қазақстандық хоккейшілер плей-оффқа өтті
Фото: видеодан кадр
1,889
оқылды

Шайбалы хоккейден әйелдер құрамасының арасындағы бәсекенің алғашқы топтық кезеңі аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Қазақстан арулары топтық кезеңнің шешуші ойынында Оңтүстік Корея құрамасымен кездесіп, овертаймда жеңіске жетті.

Команда сапынан Александра Щегай жеңіс голын соқты.

Келесі ойын 12 ақпанда Жапония құрамасына қарсы өтеді.