Маңғыстауда табиғат қорғау қызметкерлері екі айлық жараланған итбалықты құтқарды
Маңғыстауда табиғат қорғау қызметкерлері екі айлық жараланған итбалықты құтқарды
© Кадр видеодан
314
оқылды
Итбалық Форт-Шевченко ауданындағы аумақты аралау барысында табылды. Құтқарушылардың айтуынша, оны Каспий итбалығын оңалту және зерттеу орталығына тапсырды, деп хабарлайды инАқтау. Түпқараған орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы бөлімінің қызметкерлері көп жылдан бері алғаш рет жағада тірі итбалықты тапқанын айтты. Әдетте жағаға өлген жануарлардың денесі шығып қалады екен. https://www.youtube.com/watch?v=C-xfzOx_kxM&feature=emb_logo
"Жануардың ауға шырмалып жараланған болуы мүмкін. Біз оны дереу орталыққа апардық. Онда итбалықтарға арналған бассейндер мен мамандар бар", - дейді инспекторлар.
Айта кетерлік жайт, итбалықтың адамдардың көмегіне риза болмай шықты. Ол айбат шегіп, теңізге қашып адамдарға ұмтылған. https://www.youtube.com/watch?v=zJ0Kvocp54c&feature=emb_logo Табылған итбалық орталық мамандарына тапсырылып, оған Нұржан деп ат қойылды.