Қытайда туып-өскен, ұлты қазақ спортшы IX қысқы Азия ойындарында алтын медальға ие болды.
Қазақ қызы қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды
istockphoto.com
4,439
оқылды

Қытайда туып-өскен, ұлты қазақ спортшы Баян Жалынқызы IX қысқы Азия ойындарында алтын медаль еншіледі, – деп хабарлайды Аikyn.kz

"Қазақпарат" агенттігі тілшісінің мәліметінше, қазақ қызы шаңғы жарысынан әйелдер арасында 5 шақырымға сырғанаудан (еркін стиль) 12 минут 07.5 секунд нәтиже көрсетіп, мәре сызығын бірінші болып кесті.

Сондай-ақ, Қытай құрамасының спортшысы Динигер Иламужан күміс еншілесе, тағы бір қытайлық спортшы Чы Чуншуэ қола жүлдегер атанды.

Айта кетерлігі, осы жарысқа қазақстандық спортшылар Дарья Ряжко, Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина және Ангелина Шурыга қатысты.

ҚорытындысындаНадежда Степашкина мәре сызығын бесінші кессе, Ксения Шалыгина жетінші, Ангелина Шурыга мен Дарья Ряжко сегізінші-тоғызыншы орыннан көрінді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз