Оның ішінде 15 дроп-карта бар.
Қаңтар айында елде 1 257 есірткі сайты бұғатталды
istockphoto.com
260
оқылды

Қаңтар айында елде 1 257 есірткі сайты бұғатталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қаңтар айында 700-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталды. 

Есірткі тарату туралы ақпараты бар 76 арна мен боттар өшірілді. 274 есірткі қылмысы тіркелді. Оның ішінде 180 сату фактісі, интернет арқылы есірткі жарнамасының 64 фактісі, 3 контрабанда, есірткі өсірудің 16 фактісі бар.

9 ұйымдасқан қылмыстық топ, 3 есірткі притоны, 17 есірткі зертханасы жойылды. Биыл 800 кг-нан астам есірткі, оның ішінде 29 кг синтетика, сонымен қатар 5 тонна прекурсор тәркіленген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз