Осылайша, фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль бар.
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жүлде түсті
Фото: ҰОК
989
оқылды

Фристайл-акробатикадан Қазақстан әйелдер құрамасы Харбиндегі 2025 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Аяна Жолдас пен Ардана Маханова синхронды секіруде үшінші нәтиже көрсетті.

Бірінші орынды Қытай құрамасы иеленді. Екінші орынға да қытайлық спортшылар жайғасты.

Осылайша, фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль бар. Бұған дейін Аяна Жолдас жекелей сында қола жүлде алса, аралас команда күміс медаль жеңіп алған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.