Ұлттық құрама үш рет жеңіске жетіп, екі мәрте жеңіліс тапқан.
Қазақстан керлингшілері 2025 жылғы Азия ойындарында Қатар құрамасын жеңді
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
812
оқылды

Қазақстан әйелдер құрамасы керлингтен Харбиндегі Азия ойындарында үшінші жеңісіне қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, біздің керлингшілер Қатар құрамасын сенімді түрде жеңді. Кездесу 11:2 есебімен аяқталып, жеңіс Қазақстан құрамасының еншісіне жазылды.

Ұлттық құрама үш рет жеңіске жетіп, екі мәрте жеңіліс тапқан.

11 ақпанда ерлер құрамасы да өз кездесуін өткізді. Алайда Оңтүстік Кореяға қарсы ойында жеңіске жете алмады. Қарсыластар 12:2 есебімен басым түсті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.