Таиландтың Пхитсанулок қаласында тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Астаналық спортшы турнирдің күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елордалық спортшы Дмитрий Груздев элиталық санаттағы уақыт бойынша жекелей жарыста сынға түсті.
Осыған дейін Дмитрий Груздев ұлттық құрама сапында «элита» санатындағы аралас эстафетада (42,8 км) алтын медаль жеңіп алған болатын.
Азия чемпионатына 27 елден велошабандоздар қатысуда. Байрақты бәсеке 16 ақпанда аяқталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.