Қазақстан құрамасы 9:1 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.
Қазақстан әйелдер құрамасы керлингтен 2025 жылғы Азия ойындарында Таиландты ойсырата жеңді
Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК
429
оқылды

Керлингтен Қазақстан әйелдер құрамасы Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде ірі жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан спортшылары топтық кезеңнің жетінші матчында Таиландпен кездесті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 9:1 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.

Осылайша, ұлттық құраманың еншісінде төрт жеңіс пен үш жеңіліс бар. 13 ақпанда отандастарымыз Гонконгпен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.