Астанада Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті.
Кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті
202
оқылды

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов пен Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгудың төрағалығымен өткен келіссөздер барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар халықаралық және өңірлік қауіпсіздік саласының қазіргі жай-күйін қарады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өзара іс-қимылды нығайтуға қажетті шаралар жөнінде пікір алмасты.

Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасындағы консультациялар қабылданған ынтымақтас­тық жоспарына сәйкес тұрақты негізде өтеді.