Қытайдың Харбин қаласында 2025 жылғы қысқы Азия ойындары өтіп жатыр. Ұлттық олимпиадалық комитет қазақстандық спортшылардың 13 ақпандағы жарыс кестесін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгін ерлер құрамасы жартылай финалда сынға түссе, мәнерлеп сырғанаушылар медаль үшін күреседі. Сондай-ақ екі биатлон командасы жүлдеге таласады.
Спорт түрі: Керлинг. Ерлер, әйелдер. Топтық кезең, ерлер іріктеу кезеңі, жартылай финалдар.
Кездесу: Гонконг – Қазақстан; Қазақстан – Гонконг.
Басталуы: сағат 06:00; 11:00; 16:00 (әйелдер жартылай финалы өтуі мүмкін).
Спорт түрі: Биатлон. Эстафеталық жарыстар.
Қатысушы: Қазақстан құрамасы.
Басталуы: сағат 07:00; 10:00.
Спорт түрі: Шайбалы хоккей. Финалдық раунд (әйелдер), жартылай финал (ерлер).
Кездесу: Қазақстан – Қытай; Қытай – Қазақстан
Басталуы: сағат 07:00; 11:00
Спорт түрі: Мәнерлеп сырғанау. Ерлер мен әйелдер. Еркін бағдарлама.
Қатысушылар: Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Софья Самоделкина, София Фарафонова.
Басталуы: сағат 10:00; 14:30.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.