Ұлттық құрама 14 ақпанда Астана уақытымен сағат 10:00-де қола медаль үшін сынға түседі.
Қазақстан әйелдер құрамасы керлингтен 2025 жылғы Азия ойындарының қола медалі үшін күреседі
Фото: Сали Сабиров, ҰОК
437
оқылды

13 ақпанда Қазақстан әйелдер құрамасы керлингтен 2025 жылғы Азия ойындарының жартылай финалында жеңіліс тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, жартылай финалда отандастарымыз Оңтүстік Кореямен кездесті. Ойын толық 6 эндке созылды. Нәтижесінде оңтүстіккореялық спортшылар 2-10 есебімен жеңіске жетті.

Ұлттық құрама 14 ақпанда Астана уақытымен сағат 10:00-де қола медаль үшін сынға түседі. 

Ал ерлер құрамасы А тобының соңғы ойынында Гонконгпен кездесті. Матч қорытындысы бойынша қарсылас команда 5:8 есебімен жеңіске жетті. 

Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында өнер көрсетуін аяқтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.