Екі спортшы осыған дейін жеті рет кездескен.
Елена Рыбакина Доха турнирінде Ига Швентектен ұтылып қалды
Фото: ҚТФ
488
оқылды

Елена Рыбакина Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы Ига Швентекпен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстандық теннисші Польша өкілі, Доха жарысының үш дүркін жеңімпазы Ига Швентекпен шеберлік байқасып, 6:2, 7:5 есебімен қарсыласына есе жіберді.

Осылайша, Елена Рыбакина турнирдің жартылай финалына шыға алмады.

Айта кетейік, екі спортшы осыған дейін жеті рет кездескен. Оның төртеуінде Рыбакина жеңіске жеткен болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.