Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан 4 алтын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы финалда Жапонияны айқын басымдықпен 5-0 есебімен жеңді.
Шайба авторлары:
Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд)
Дмитрий Бреус (21:02)
Роман Старченко (37:59)
Кирилл Панюков (42:24)
Кирилл Панюков (44:23)
Роман Старченко мен Кирилл Панюков Харбиндегі бәсекенің үздік мергені атанды (9 шайбадан).
Олег Болякин шәкірттері IX қысқы ойында барлық матчта жеңіске жетті.
Топтық кезеңде Қытай (6-1), Жапония, Қытайдың Тайпейі мен Оңтүстік Корея командасын, ширек финалда Қытайдың Гонконгын, жартылай финалда Қытайды тағы тізе бүктірді.
Айта кетейік, ерлер арасында қола медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.