Алматыда метро жолаушыларын жөтелмен қорқытып қалжыңдаған 23 жасар пранкер тұтқындалды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметін хабарлады.
Ұсақ бұзақылық фактісі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталды.
https://www.instagram.com/p/B9q5zg6gn6u/
"Қазіргі қиын жағдайда азамат Х. әрекеті орынсыз. Жас жігіт хайп үшін барлық моральдық және этикалық нормаларды бұзды. Сол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ол 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.
Сот процесі басталар алдында пранкер азаматтарға кешірім сұрады.
https://www.youtube.com/watch?v=gaPRJoP0vpE&feature=emb_logo