Мемлекет басшысы қазақстандықтарға үндеу тастады. Ол коронавирус Қазақстанды айналып өтпегенін айтып, сабырға шақырды.
Президент бұл туралы өзінің Twitter парақшасында жазба жариялады.
"Өкінішке қарай, коронавирус Қазақстанды да айналып өтпеді. Үкімет пен әкімдер өзіміздің және шетел азаматтарының қауіпсіздігі үшін айрықша шаралар қабылдауда. Жағдай толық бақылауда. Сабырлық танытып, жеке гигиенаны сақтау қажет. Арандатушылар жазаланады" – деп жазды ол.
https://twitter.com/TokayevKZ/status/1238869694515380226