Туризм және спорт министрлігі жариялады.
Келесі аптада Қазақстан спортшылары қатысатын жарыстар кестесі жарияланды
istockphoto.com
890
оқылды

Туризм және спорт министрлігі 17-23 ақпан аралығында Қазақстан спортшылары қатысатын спорттық іс-шаралар кестесін жариялады, – деп хабарлайды Аikyn.kz

17-24 ақпан – үстел теннисінен Азия кубогы
Сары құрлық додасына 4 спортшымыз қатысады.
Өтетін орны: Шэньчжэнь қ., Қытай.
 
17-28 ақпан – әйелдер арасындағы шахматтан Гранд-при жарысы (3 кезең)
Халықаралық турнирде ел намысын Бибісара Асаубаева қорғайды.
Өтетін орны: Монако князьдігі.
 
19-23 ақпан – мәнерлеп сырғанаудан төрт құрлық чемпионаты
Жарыста 4 отандасымыз бақ сынайды.
Өтетін орны: Сеул қ., Оңтүстік Корея.
 
20-24 ақпан – жеңіл атлетикадан BakuInternational indoor Meeting devoted to Honorarycoach A. Antipov турнирі
Бакудегі бәсекеде 5 спортшымыз жарыс жолына шығады.
Өтетін орны: Баку қ., Әзербайжан.
 
20 ақпан-01 наурыз – семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионаты
Бұл сында ел намысын 24 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Әл-Кувейт, Кувейт.
 
20-23 ақпан – ересектер арасында «Құсбегілік» ұлттық спортынан XVIII ҚР чемпионаты
Жарысқа барлық облыс пен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 70-тен аса спортшы қатысады.
Өтетін орны: Петропавл қ.

20-25 ақпан – пара дзюдодан Германия ашық чемпионаты
Бұл жарыста отандық 10 пара спортшы сынға түседі.   
Өтетін орны: Гейдельберг қ., Германия.
 
21-22 ақпан – ашық суда жүзуден әлем кубогы (1-тур)
Кубок жарысында 4 отандасымыз жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Хургада қ., Мысыр
 
21-27 ақпан – пара велотректен Азия чемпионаты
Азия біріншілігіне Қазақстаннан 5 паравелошабандоз қатысады.
Өтетін орны: Нилай қ., Малайзия.