Карантинде қалай дұрыс тамақтану керек?
Карантинде қалай дұрыс тамақтану керек?
© Сурет ғаламтордан
270
оқылды
Карантинде немесе үйде жұмыс істеу кезінде артық салмақ қосу қаупі артады, деп хабарлайды Известия. Дәрігер-диетолог Иван Алименконың айтуынша, бұған жол бермеу үшін артық азық-түліктерді сатып алмау және тамақты асықпай отырып ішу керек. Маман дүкенге жиі барып, өзіңіз ұнататын азық-түліктерді аз-аздан алған дұрыс екенін айтты. Үйде азық-түлік сақтайтын адамдардың салмағы оларды сақтамайтын адамдарға қарағанда орта есеппен тоғыз килограммға артық. Өзіңізге ұнайтын азық-түліктерді аз мөлшерде сақтау керек. Сонда барлығын бір рет жеуге және қатты уайымдамауға болады, - деп түсіндірді Алименко. Диетолог азық-түлік күнделігін жүргізу және тәуліктік калориялықты есептеу салмағын жинамауға көмектесетінін де айтты. Оның пікірінше, ұзақ уақыт үйде болғанда орташа есеппен тәулігіне 2 мың калория тұтыну керек. Ол артық салмақ жинау себебі жаңғақ, алма және басқа да жемістер болуы мүмкін екенін де ескертті. Өйткені олардың калориясы жоғары және қарын тойғаны білінбейді. Алименконың айтуынша, майсыздандырылған сүт және заманауи қант алмастырғышы қосылған кофе "шартты түрде пайдалы тіскебасар" болуы мүмкін. Мұндай сусын ағзадағы сұйықтық қорын толықтырады және үлкен калория әкелмейді. Сондай – ақ, бірінші кезекте көңіл-күйді қалыпты ұстап тұру үшін теледидар астына жаттығужәне би түрлерін орындап тұру керек, - деп кеңес берді маман.