Қазіргі уақытта «АСС Сериктес» ЖШС құтқару бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ұлытау облысында шахта опырылып, жеті жұмысшы үйінді астында қалды
Фото: Хабар 24 телеарнасы
431
оқылды

Бүгін, 17 ақпанда Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС «Жомарт» кенішіндегі шахтада тау массасы құлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құлау аймағының артында шахтаның 7 қызметкері қалды. Қазіргі уақытта «АСС Сериктес» ЖШС құтқару бөлімшелерімен авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнына дереу Ұлытау және Қарағанды облыстары ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоптар, Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері мен Қазақстан ТЖМ психологтары жіберілді.

ТЖМ Командалық орталығы және Ұлытау облысының ТЖД базасында жедел штабтар жұмыс істеп жатыр. ТЖМ-де «жедел желі» телефонының жұмысы ұйымдастырылды. Телефон нөмірі: 8 (7271) 55-96-21.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.